
Қаңтар айының 6-12 күндері аралығында Иран астанасы Тегеранда мұсылман әйелдері баспасөз басылымдарының тұңғыш халықаралық фестивалі өтті. Аталған фестивальға Ислам мәдениеті мен қарым-қатынасы Ұйымының әйел және отбасы істері бөлімі қолдау көрсетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау барысында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қолдануда.
Аталған жұмыс шеңберінде ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс тәртібінде аумақтық прокурорлармен жиналыс өткізілді.
Бүгін өзінің Алматыдағы резиденциясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.
Жүзден астам әдебиет және өнер қайраткерлерінің отандық мәдениетті дамытудағы үлкен еңбектері Президенттік стипендиялармен атап өтілді.
Мемлекеттік қордан Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары 6 пәтерге, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме және әскери қызметкерлер - 82, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары 91 пәтерге ие болды, олардың қатарында 3 көпбалалы отбасылар, 34 толық емес отбасы, жетімдер - 11, зейнеткерлер - 17, Ауғанстандағы әскери қимылдардың қатысушылары - 9, І және ІІ топ мүгедектері - 14, ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысушы – 1, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 1 отбасы, төтенше жағдай кесір

Түрік Әуе жолдарының дауыс және видео жүйелерімен жабдықталған 30 ұшағында жолаушыларға арналған жаңа қызмет түрі іске қосылды.
Тұңғыш рет шетел рейстерін жасайтын Түркия ұшақтарында жолаушылар үшін тек көркем фильм, музыка, ойындар ғана емес, сонымен қатар Құран тыңдау қызметі ұсынылды.
Сондай-ақ Құран Кәрімнің түрік тіліндегі мағынасы да беріліп, ал болашақта бұл қызмет 4 тілге аударылуы жоспарланып отыр.
2012 жылғы 9 қаңтарда Астана әкімдігі жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге кең мүмкіндік ашатын жаңа порталды іске қосты.







