Мақалалар / Айдарлар

пророк Мухаммад (с.а.с), сказал: «Облегчайте, а не создавайте затруднения, возвещайте благое, а не внушайте отвращение (к Исламу)».

10-10-2011 SalNur letter
Құралай Омар

***
Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?
Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім.
Айтылмай не мұңым, не сырым,
Телефон көзімнің жасына тұншықты.
Сендегі үнсіздік–ақталу,
Мендегі үнсіздік–кешірім.
Солай-ау шамасы…
Жазмыштың жазуы–
Маңдайға сызғанға көндігу, бағыну.
Тыныштық тағы өлді, ауыр дем арқалап,
Сіздегі күрсініс–жалғыздық,
Мендегі күрсініс–сағыну.
Аязға, мұзға да бергісіз,
Жүрекке сұп-суық ерді сыз.
Толқындар жеткізген үніңіз жауратты.
Сіздегі салқындық–үмітті жылату,
Мендегі салқындық…белгісіз…

***
Сезiмiмдi тоңдыра алмас салқын да,
Кеудемдегi бәйшешегiм солмаса…
Қымбаттым-ау ауыстырмас алтынға,
Көп толқындар жалғаған телефонмен
Хал сұрайсыз…
Күндер, түндер өзгерiссiз қалпында,
Өзiңiздi сағынғаным болмаса.
Аңсағаным, сарғайғаным ғана мұң,
Ал қуаныш еншiсiнде сәттердiң.
Тыным таппай толғанады сана мың.
Елесiңiз еркiмнен тыс естi орап,
Еримiн де…
От боп денем, жанамын
Парағындай дәптердiң.
Жүрегiмнiң жасын үзiп қағазға,
Тiзбек-тiзбек жолдар етiп төгемiн.
Жеке басқа шаттық сұрап тағы азға,
Не қыламын, Жер бетiнде онсыз да
Жеңiлiс көп, құлазу көп, бақ азда.
Сосын…
Сiздi қайтiп сөгемiн?..

 

***
Бәрiмiз нүктемiз түбiнде.
Бақытты сұраймыз бүгiнге.
Керек пе?!
Жалғанның қызығын, байлығын
Ол жаққа апара алмаймыз, түгiн де –
Қабiрге қойылған ең соңғы гүлiн де.
Жаныммен аттанар тек қана өлеңiм,
Жазылған мөп-мөлдiр тамшының үнiнде.
Сұрақшы тiзгенде қатемдi,
Жыр оқып беремiн,
Перiште түсiнер жүректiң тiлiнде.
Жұмаққа жол алып жырларым, жаным да.
Дос қылған адамын, құсын да, аңын да,
Мен сосын оянам пейiштiң таңында.
Алланың қардай ақ сенiмiн арқалап,
Әзiрге жүрмiн-ау сол сәттiң қамында.
Күндерiм жоғалды, таң ұмыт, кеш ұмыт.
Қол бұлғап алыста неше арман, неше үмiт
Жетелеп жүрiп-ақ есейттi, өсiрiп.
Құдайын ұмытқан жандарды
Адам деп түсiнiп,
Пенде деп кешiрiп,
Қаламға құйылған Тәңiрдiң жолдарын
Кей-кейде отырам қағазға көшiрiп.

***
Жылап тұрған аспан емес, мен едiм,
Жанарыңның жасын отын сағынып.
Аңсағанда тамшыларды төгемiн,
Көкке барып, бұлт жейдемдi жамылып.
Тұнжыраған аспан емес, мен едiм,
Жар бола алмас жалғыздықтан жабығып.
Айтшы, неге елесiңдi өбемiн,
Тәңiр берген тағдырыма бағынып?
Күрсiнген де аспан емес, мен едiм,
Көкiрегiме көзсiз көп мұң қамалып.
Әлде, жаным, “Сенi сүйем” дегенiм
Қалды ма екен жүрегiңе жамалып.
Жайнаған да аспан емес, мен едiм,
Қиялымда құшағыңа жылынып.
Перiште боп келiп едi жебегiм,
Көрiнбей-ақ, иығыңа iлiнiп.

***
Сезімді
Бұғаулай алмаған кезім-ді.
Тауысып сабырды, төзімді.
Ауысып…
Ес – бүтін, жүректің үніне ілесіп,
Сағынып қауышып,
Бақыттан ұмытқам өзімді.
Күй кешіп өзгеше, ұнамды,
Еңсені езетін тұманды
Таратқан
Қас-қағым,
Балдан да тәп-тәтті сәттерді – күнәмді,
Күнәсін
Кеше көр, Жаратқан!
 

Түсінікті жіберу

Бұл жолдың мазмұны жеке болып саналады және қарау үшін арналмаған.

Спамнан қорғау
Бұл сұрақ спам-хаттамаларды қабылдамау үшін қажет
Напишите ответ в поле
Айтыс пен жазба поэзия бір құстың қанаты тәрізді
01-08-2010 SalNur
Айтыс пен жазба поэзия бір құстың қанаты тәрізді

  Айтыскер ақын Балғынбек Имашев­ты оқырманға таныстырып жатудың өзі артық. Дегенмен соңғы кездері айтыс өнерінің көгілдір экраннан көрсетілмей жатқанына байланысты Балғынбек ақыннан көз жазып қалғандаймыз. Айтыстағы суырыпсалмалығымен, сөзге шеберлігімен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, сүйікті ұлдарының біріне айналған Балғынбек ақынның қазіргі таңда қандай іспен айналысып жүргені әрбір оқырманды қызықтыратыны анық.

Саф Ислам - мерейім, пәк Иман - шаттығым
01-08-2010 SalNur
Саф Ислам - мерейім, пәк Иман - шаттығым

 Жанар Елдосқызы
  Қазақ қашан да ақындарын сыйлаған ел. Шүкір, бүгінде хақ дініміз - Исламды насихаттап, жүрегіне иман ұялап, жүзін Қағбаға қаратқан жас дарындарымыз баршылық.

Жалған дүние - бес киік...
01-10-2010 SalNur
Жалған дүние - бес киік...

   Назира БЕPДАЛЫ 1980 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1998 жылы Алматы студенттерінің «Поэзия көктемі» мүшайрасында бас жүлдені иемденіп, есімі жырсүйер оқырманға танылды. Тұңғыш кітабы «Жаңбырлы түн» деген атпен 2001 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді.

 

 

ЧИЭКО г.Караганды

 

 

 

Графикалық дизайн, логотиптер, фирмалық стиль жасауға, баннер құруға тапсырыс қабылдаймыз