Мақалалар / Айдарлар

пророк Мухаммад (с.а.с), сказал: «Облегчайте, а не создавайте затруднения, возвещайте благое, а не внушайте отвращение (к Исламу)».

08-12-2011 SalNur letter
ТОЛАҒАЙ ЕЛІ

      Кеңес дәуірінің дала қойнауында жүргенде бала көңілімізді не шалмады?.. Ол кезеңде ата-әженің баласы едік. Ұртымызда екше құрт, шаңқай түстің көлеңкесінде ауыл балалары қатарымыздан көлеңкені сағалай, алыстағы сағымдарға арманымызды байлайтынбыз. Әлі күнге дейін есімде, жаңбыр тамшысын аңсаған елі мен шөліркеген жері үшін бел аса иығына сулы да нулы, таулы мекенді көтерген Толағай біз үшін батыр, керемет бала болды. Әдебиет бетіндегі оның суретіне тамсана қарай-қарай, ұқсап бағушы біздер, ауыл маңайында басымызды қосып, жалпақ тас беттеріне тұрғызған қиялдағы қаламыздың «Бір тасын құлатпай жеткіземін» деген кішкентай ниетімізбен өкшеге кірген шөңгеге қарамастан, үйімізге қарай жарысатынбыз. Сонда иығымыздағы тастың ауырлығы денемізге еш батпайтын да. Керісінше тас бетіндегі биік-биік таулар арасындағы кішкене ғана әсем қала сәулетін апамызға көрсету еді. Бүгінде сонау дала Толағайларының арманымен ұласқан Астанаға ниетін тоғыстырған қазақ елі жайқалған жарқын ел болғанына жиырма жыл толды. Аллаға шүкір, Құдайға тәубе! 
      Алаштың қазіргі Астанасын ғана алып қарасақ, тынысы кең, бойына ең бір игі құндылықты сіңірген қала. Көркі әдемі ақ бұлттар арасынан сығалаған ақ дидарлы күндей. Әлемге әсемдігімен әйгілі атанған бұл зәулім шаһар - болашақ жастарымызға үлкен сыйлық. Жер ұйығына бағытталған бақыт құсы Самұрық қармағынан түскен жұмыртқаны Астана ортасындағы бәйтерекке дәлдеген. Құстың қонақтаған көлеңке бейнесін дәл нақтылаған айбынды Елорда ертегідегі ғажайып шаһар. Алмас қылышының ұшын көкке түзеген хан шатыры жаудан қорғай жерін жастық қылған батырдың кейпінде. Есілдің самал желін екі жаққа естірген алтын көпір айдай сұлу хан қызының сәукелесіндей. Үш рудың басын бір жерге түйістерген бейбітшілік пен келісім сарайының өзі керемет. Ал, Тоқтамыс ханның кезіндегі ордасы - бүгінгі жер ұйығы атанған еңселі биік Ақорда. Тарих пен тарих үндескен ғажайып керуен. Дегенмен, ажарлы да салтанатты Астана жас күнімен кімді болсын тәнті етеді. Себебі, күш-қуатын төге, елі мен жерін нулы шүйгінге айналдырған сонау Толағаймен Елбасымыз өзі тілдескендей. Өйткені, «Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мәдени және іскерлік орталығы, осы заманның әсем қаласы болады» деген татымды сөзінен Астана – бас қала, әсем қала, аңыз қала! Ал, оны қоныстаған қалың қазақ елі - көрегенді данышпан ел. Оған куә тарих! Сондықтан, жиырма жасты екшеген қазақ елінің бүгінгі мерейлі жасымен құттықтай келе, иманы ұйып, берекеті тасысын. Ынтымағы мызғып, жақсылықта қауышсын. Барша қазақстандықтарға Алланың нұрын, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатын тілеймін. Өсе бер, өркендей бер, бақытты бол қазақ елі! Әумин, Аллаху Әкбар! 

Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Өскемен аймақтық өкіл имамы
 

Түсінікті жіберу

Бұл жолдың мазмұны жеке болып саналады және қарау үшін арналмаған.

Спамнан қорғау
Бұл сұрақ спам-хаттамаларды қабылдамау үшін қажет
Напишите ответ в поле
Құрма жайлы не білеміз?
12-08-2010 SalNur
Құрма жайлы не білеміз?

     Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды.

12-08-2010 SalNur
Ораза ұстаушыға 13 кеңес

     Биылғы жылы қасиетті Рамазан айы елімізде күннің ысыған мезгіліне келді. Сөзсіз бұл істе де Аллаһтың һайыры бар. Әйткенмен, ораза ұстауға қатысты төмендегі кеңестерге де ден қойған артықтық етпес. Аталған мәліметтерді өзге тілдерден аударып, бөліскен Тимур бауырымызға Аллаһ разы болсын!

Рамазан айы құтты болсын!
24-08-2010 SalNur
Рамазан айы құтты болсын!

Бақтыбай
БЕЙСЕНБАЕВ,
Астана қаласының С.Ғылмани атындағы мешіттің бас имамы

     Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 185-аятта:

«Рамазан адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын» делінген.

 

 

ЧИЭКО г.Караганды

 

 

 

Графикалық дизайн, логотиптер, фирмалық стиль жасауға, баннер құруға тапсырыс қабылдаймыз