Жаңалықтар

пророк Мухаммад (с.а.с), сказал: «Облегчайте, а не создавайте затруднения, возвещайте благое, а не внушайте отвращение (к Исламу)».

11-01-2012
Н. Назарбаев әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсырды

   Бүгін өзінің Алматыдағы резиденциясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды. 
Жүзден астам әдебиет және өнер қайраткерлерінің отандық мәдениетті дамытудағы үлкен еңбектері Президенттік стипендиялармен атап өтілді.

- Қазақстанның әдебиет және өнер қайраткерлері біздің мемлекеттігімізді нығайтуға және дамытуға баға жетпес үлестерін қосты. Біз өзіміздің қоғамымызда тұрақтылық пен келісімді сақтап қала алдық. Осы орайда, мен біздің зиялы қауымның, соның ішінде осы кездесуге қатысып отырған отандық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің орасан еңбектері барын білемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

   Мемлекеттік стипендияларға есімдері отандық өнердің болашағымен байланысты нағыз дарындар ие болды.

- Бұл стипендия сіздерге өз қабілеттеріңізді толық ашып көрсеткендеріңіз үшін тапсырылып отыр. Сіздердің міндеттеріңіз – отандық мәдениетті жаңа биік деңгейге көтеру, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде өнер қайраткерлері Президентке мәдениет проблемасына сергек қарағаны және шығармашылықпен шұғылданатын адамдарды жан-жақты қолдағаны үшін зор ризашылықтарын білдірді. Тек соңғы 10 жылда ғана осы саладағы мемлекеттік шығыс 11 есе өскен. Елімізде 18 жаңа театр, 220-дан астам мұражай және 870-тен аса жаңа кітапхана ашылған.

- Төл мәдени мұраны сақтау және дамыту біздің қоғамды үйлесімді дамытудың қажетті шарты болып саналады, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия 1995 жылдан бері отандық мәдениетті дамытудағы үлкен үлестері үшін беріліп келеді. Мемлекеттік стипендия жас таланттарды қолдау үшін 2000 жылы бекітілді.

                                                                                                                                                                                                               BNews.kz
 

Мұсылман әйелдерінің баспасөз басылымдарының халықаралық фестивалі. International Festival of Muslim Women Print’s MediaСайлау құқығы қадағаланатын болды2012 жылғы 9 қаңтарда Тұрғын үй басқармасында кезекте тұрған 180 азамат қоныс той иелері атандыТҮРКИЯ ҰШАҚТАРЫНДА ҚҰРАН ТЫҢДАУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫЖұмыс қажет болса – www.job.astana.kzСенат спикері алдағы діндер съезіне жоғары дәрежелі қытай діндарларының қатысатына сенім білдірдіЛондонда жарық көрмекЖаңаөзендіктерге үндеу "Мәдени мұра" бағдарламасының аясында мәдени және рухани құндылықтар қайтарылды«Тарих таңбасы» жарық көрді«Қаз дауысты Қазыбек би» энциклопедиясының тұсауы кесілдіЕлбасы Н. Назарбаев «Хазірет Сұлтан» мешітінің құрылысы барысымен танысты6 желтоқсан - «Мәдениет» күніСайлау кампанияларын насихаттауда этикалық талаптарды ұстану туралы Хартия қабылдау бастамасы көтерілдіДенсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда темекі шегуді азайту бағытында жүйелі шаралар қабылдаудаФариза Оңғарсыновамен кездесу өтті26 қараша - мұсылманша жыл басыАстанада тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелері талқыланадыҚарағандыда жаңа мешіт ашыладыХАЛАЛ ӨНІМДЕР КӨРМЕСІ ӨТТІМемлекет тарихы институты 18 қазан - Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел отырысын өткіздіМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫЫнтымақтастық жайы талқыландыЖалпыреспубликалық адам құқығы мен бостандықтарын қорғау жөніндегі коалицияҚАЗАҚСТАН ДІНТАНУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІНШІ ФОРУМЫБүкіләлемдік Рухани келісім күніЛАМА ШАРИФ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ НАМАЗ ОҚУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНУ СЕБЕПТЕРІН АТАДЫАСТАНАДА II ИСЛАМ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ«Қасиетті Құранның Иран өнеріндегі көрінісі» көрмесіРамазан айына байланысты баспасөз маслихат болып өтті«Қазақстандағы дәстүрлі ислам насихатын күшейтудің өзекті мәселелері» тақырында республикалық дөңгелек үстел отырысы өттіБАС МҮФТИДІҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ«Мұсылман киімі – ұлттық айшықта» алғашқы республикалық байқауы бізге не берді?ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлының қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзіТуған тіл – тұғырыңҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумында сөйлеген сөзі. ДИЭФ Баспасөз конференциясыЖырдан шашу шашты Бүкіләлемдік Қазақтар құрылтайы басталдыАтажұртқа сағына жетті қандастар!"Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының" БАҚ өкілдерімен кездесуіОтанына әкелініп көмілдіШет тілдер және Іскерлік карьера университетінде конференция өттіАраб каллиграфиясының көрмесіИмандылық – ел ынтымағының негізіДеректі фильмнің тұсаукесеріҚазақстан және Корея жарқын болашақта біргеАстанаға әннен шашу шашылдыДін тақырыбында дөңгелек үстел өттіЖұлдызды голАстанада дүбірге толы ақындар айтысы өтті«Жас жүрек жайып саусағын» атты ақындар кешіКөз жауын алар көрмеМәуліт мүбарак болсын!«ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ-ӨНЕГЕЛІК ЖАҢАРУЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУҚұран - рухтың қуаты«НҰРЛЫ МІНБЕР – 2010» ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНҰРЛЫ МІНБЕРЩучинсктегі Құрбан айт мерекесіАстана қаласында Құрбан айт мерекесі аталуда

 

 

ЧИЭКО г.Караганды

 

 

 

Графикалық дизайн, логотиптер, фирмалық стиль жасауға, баннер құруға тапсырыс қабылдаймыз