Мақалалар / Айдарлар

пророк Мухаммад (с.а.с), сказал: «Облегчайте, а не создавайте затруднения, возвещайте благое, а не внушайте отвращение (к Исламу)».

03-10-2011 SalNur letter
Діни мәселелерді зерттеу және психологиялық реаблитациялау орталығы баспасөз мәслихатын өткізді

     Діни мәселелерді зерттеу және психологиялық реаблитациялау орталығы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қаржы қолдауымен ашылған. Негізгі мақсаты - діни ахуалға мониторинг жасап отыру, аналитикалық және зерттеу жұмысы, кеңес беру және ақпараттық көмек көрсету, түрлі діни бірлестіктердің қызметіне байланысты сұрақтарда билік органдарына, қоғамдық ұйымдарға, БАҚ-қа әсер ету, азаматтардың, бірінші кезекте жастардың теріс пиғылды бірлестікке кіріп кетпеудің алдын алу. Әсіресе дәстүрлі емес діни ұйымдардан зардап шеккендерге кеңес беру және психологиялық реаблитациялау көмегін көрсетуді негізгі мақсатқа алып отыр. Баспасөз мәслихатында орталық басшылары экстремистік және террорлық ұйымдардың дінді тасалау қолданатынын, азаматтардың денсаулығына, психологиялық ахуалына зардап келіп жатқанын, тіпті кейбір діни бірлестіктің көшбасшылары азаматтардың мүлкін алып қойған жағдайларды, мұның соңы отбасының ыдырауына, өзін-өзі өлтіруге әкеп жатқанын алға тартып, осы шиеленіскен мәселелердің шешімін табуға атсалысатындарын айтты. Орталық әлеуметтанушылар, психолог және заңгер, дінтанушы мамандармен қамтамасыз етілген.
   Діни мәселелерді зерттеу және психологиялық реаблитациялау орталығының басшысы Руслан Қамаштың айтуынша, Астана қаласы тұрғындарының 65 %-ы ислам дінінде, 28%-ы проваслав дінінде, қалған 5 пайызы басқа сенімдегі тұрғын болып саналады. Сондай-ақ, қалада заңды түрде тіркелген 55 діни ұйым жұмыс жасайды. 1990 жылы небәрі 670 қана болған діни бірлестіктердің саны бүгінде 4,5 мыңнан асады. 
Заңсыз түрде жұмыс жасайтын діни бірлестіктен зардап шеккендерге 8 (7172) 50-24-98 желісі арқылы тегін психологиялық кеңес берілетін болады.
 

Түсінікті жіберу

Бұл жолдың мазмұны жеке болып саналады және қарау үшін арналмаған.

Спамнан қорғау
Бұл сұрақ спам-хаттамаларды қабылдамау үшін қажет
Напишите ответ в поле
Дүниежүзілік Рухани Мәдени форумда  Олжас Сүлейменов сөз сөйледі
18-10-2010 SalNur
Дүниежүзілік Рухани Мәдени форумда Олжас Сүлейменов сөз сөйледі
Құрметті достар, бүгін осы залда сіздермен қайта жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Форум бірінші рет өтіп отырған жоқ, мен кейде рухани мәдени форумды әлемдік дін көшбасшыларының форумымен шатыстырамын. Мұнда білім мен сенім сұхбаты болып жатыр. Бүгін осы тақырыпты талқылауға әлем зияткерлері де жиналды. Осындай жиналыста бір-бірімізді құптап, айтып жатқанымыздың өзі бейбітшілік – жақсы, соғыс – жаман деген сөз болып отыр. Былай қарасақ, кейде бізді сендірудің қажеті шамалы деген ой келеді. Біз бәріміз баяғыдан сана-сезімнің белгілі түрінде қалыптасқан жандармыз.
 «Қара жорғамен» қазақты таныттық
01-09-2010 SalNur
«Қара жорғамен» қазақты таныттық
Ағымдағы жылдың 15-19 шілдесі аралығында Болгарияның София қаласында өткен «София-2010» III халықаралық фольклорлық фестиваліне С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Фараб» ән-би театры қатысып қайтқан болатын.       
 Ислам – өміріміздің мәні
01-07-2010 SalNur
Ислам – өміріміздің мәні

– Джасми Шахир, Қазақстанға қош келдіңіз! Сіз қазақ жеріне қандай мақсатпен келдіңіз? Қазақстандық жамағат туралы өз көзқарасыңызды білдірсеңіз.

 

 

 

ЧИЭКО г.Караганды

 

 

 

Графикалық дизайн, логотиптер, фирмалық стиль жасауға, баннер құруға тапсырыс қабылдаймыз