Бiз туралы

пророк Мухаммад (с.а.с), сказал: «Облегчайте, а не создавайте затруднения, возвещайте благое, а не внушайте отвращение (к Исламу)».

  بسم الله الرحمن الرحيم

 Бисмилляһир Рахманир Рахиим!

 

Ассаламу алейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху қымбатты мұсылман әйел қауымы!

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

 

 

«SalNur» - әйелдерге арналған рухани танымдық журнал
 
   Мақсаты
 
  Әлем бойынша ислам имиджін арттыруды, қоғамда рухани құндылықтарды жаңғыртуды, мұсылман әйелдердің көркі мен ұлылығын дәріптеуді қамтамасыз ету. Журналдың бас кейіпкері – заманауи, іскер, иманды әйел. Замануи әйелдің ролі жан-жақты: ол кәсіби ісі мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүруімен қатар, отбасының ұйтқысы, адал жар, аяулы ана атанып, бала тәрбиелейді.
 
   Мақсаттық аудиториясы
 
   Исламдық қаржыландыру принциптерін және этикасын, халал индустрия, исламдық инфрақұрылымның дамуын түсіне отырып, ұлттық және исламдық мәдениеттің өркендеуіне атсалысар кәсіпкерлер мен ұйым өкілдері, мұсылман зиялылары.
 
   Біздің журналдың ерекшеліктері:
 
  • Әйелдерге арналған тұңғыш республикалық мұсылмандық журнал;
  • Өмірдің барлық қырын кешенді қамтиды: халал индустрия; экономика; исламдық қаржыландыру; мұсылман киімі стилі;  Исламдағы әйел; Ислам: кино және музыка; отбасы және неке, ана; менің исламға келуім; сұлулық пен денсаулық; қасиетті сөздер; халал асхана; таныстық және т.б.;
  • Зайырлы және исламдық бейнедегі өмірдің алтын көпірі;
  • Компанияны тану: оң имидждің бар болуы, компания логотипінің патенттелгендігі.  
   Халықаралық конференция, форум, семинарлардың қатысушысы және медиа-әріптес
 
  1. «Қазақстан жаңғыртуының контексiндегi мемлекет және дiннiң өзара ықпалдастығы: мәселелер мен перспективалар» халықаралық конференциясы.
  2. «Дiндер және дiни нанымдар еркіндігіндегі адам құқығы» халықаралық ғылыми-практикалық семинар.
  3. «Мәдениет және діндер диалогі» тақырыбындағы республикалық конференция.
  4. «Қазақстан және ТМД елдерінде исламдық қор нарығының дамуы» исламдық қаржыландыру бойынша KIFC 2011 республикалық конференциясы.
  5. 2011 жылдың 7-9 маусым аралағында «Ғаламдық экономикалық даму: арақатынас, бәсекелестiк, әріптестік» ҮІІ дүниежүзілік исламдық экономикалық форумы. 

   Нарықтың сараптамасы. Әлеуетті тұтынушылар
 
Қазақстанда:

  • 10 миллионнан астам этникалық мұсылмандар;
  • 2 миллионнан астам мұсылмандықты ұстанатындар;
  • 510-нан астам кәсіпорын «халал» стандартына сай өз өнімдерін шығарып, қызмет көрсетіп жатыр.
  •  
        Біздің сайтымыз
     
    Біздің www.muslimwomen.kz, сайтымыз қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жұмыс жасайды. Айына 5000- 6000 адам пайдаланады. Қазақстан, Ресей, Малайзия, Қытай, Германия, Украина, Қырғызия, Әзербайжан, Солтүстік Корея, т.б. аймақтардан сайтымыздан қажеттілігін тауып жатқандар бар.
     
       Журналды таратудың жүйелері

     

    • Қазақстанның 17 қаласында арнайы жүйе бар;
    • Қазпошта» АҚ арқылы Қазақстаннның барлық аймағына тарайды.

         Басылым

       "SalNur" журналы 2010 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан аумағында шығып келеді. 2010 жылы 21 000 дана, 2011 жылы 6000 дана шықты. Тиражы – 3000 дана . Форматы – А4, көлемі – 62 бет. Мұқабасы – жылтыр, түрлі түсті. Басылым тілі – қазақ және орыс тілі.

 

 

ЧИЭКО г.Караганды

 

 

 

Графикалық дизайн, логотиптер, фирмалық стиль жасауға, баннер құруға тапсырыс қабылдаймыз