Мақалалар / Айдарлар

пророк Мухаммад (с.а.с), сказал: «Облегчайте, а не создавайте затруднения, возвещайте благое, а не внушайте отвращение (к Исламу)».

26-10-2011 SalNur letter
Айт намазы

     Ораза және құрбан айт намаздары алғаш рет Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина шаһарына қоныс аударған жылы оқылған.

Айт намазының үкімі

      Айт намазы - жұма намазы парыз болған адамдардың барлығына уәжіп. Себебі Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдардың айт намазына шығуына әмір берген. Айт намазын оқу үшін иманнан басқа бір адам болса да жеткілікті.
      Айт намазы жолаушыға, әйелге, балиғатқа толмағандарға, өз күшімен мешітке бара алмайтын ауруларға, басшылығы жоқ ауыл тұрғындарына уәжіп емес. 
     Негізінен айт намазы мешіттің сыртында ашық жерде оқылады. Тек күн суып, жаңбыр немесе қар жауған кезде ғана айт намазын мешітте оқуға болады. 

Айт намазының уақыты

      Айт намазының уақыты - сәске (духа) намазының уақыты. Айт намазын күн найза бойы көтерілгеннен бастап, тал түске жеткенге дейінгі аралықта оқуға болады. Егер айт намазын оқып жатқан кезде күн тас төбеге келіп қойса, намаз бұзылады. Ораза айт намазын қатты дауыл, нөсер жаңбыр немесе жаңа туған айды білмеген кездегі сияқты үзірлі жағдайларда екінші күнге қалдыруға рұқсат етіледі. Бірақ оны еш себепсіз кешіктіруге тыйым салынады. 
      Ал құрбан айт намазының ораза айт намазынан айырмашылығы бұл намазды үзірлі жағдайда келесі үш күннің ішінде оқуға рұқсат етіледі. Себебі Пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдинада Айша анамыздың үйінде ән салып жатқан екі күңге тыйым салғысы келген Әбу Бәкірге «Ол екеуіне тиме. Бұл айт күндері ғой»- деп (Сунән ән-Нәсәи), құрбан айттан кейінгі үш ташриқ күндерін айт күндері деп атаған.  

Айт намазының оқылу тәртібі

      Айт намазы екі рәкағаттан тұрады. Таң намазы мен жұма намазының парызы секілді бұл намаз да жария оқылады. Бірақ айт намазына азан да, қамат та айтылмайды. Оның орнына адамдарды «Әссалаһ жәмиға» деп шақырады. Басқа намаздардан тағы бір айырмашылығы - айт намазында қосымша тәкбірлер айтылады. Бірінші рәкағатта сәнә дұғасынан кейін үш тәкбірді имаммен бірге қайталайды. Әрбір тәкбірді айтқанда қолын көтеріп, қайта түсіреді, қолын түсірген кезде байлаудың қажеті жоқ. 
Екінші рәкағатта зәм сүресін оқып болғаннан кейін рукуғке бармай тұрып, алғашқы рәкағаттағыдай тағы да үш рет тәкбір алады.
Егер имам басқа мәзһабты ұстанушы болып, тәкбірлерді артық істесе, оған ұюшы қай мәзһабты ұстанатындығына қарамастан, имаммен бірге тәкбір алады.

     Айт намазына қатысты мәселелер

• Ораза айт намазы мен құрбан айт намазы бірдей оқылады.
• Айт намазының үкімдері мен шарттары күнделікті намаздардың
үкімдері мен шарттары сияқты. Тек айт намазына кешігемін деп қорыққан адам дәретсіз болса, тәямуммен оқуына болады. Себебі бұл намаздың қазасы өтелмейді.
• Егер бір адам өзіне жақын мешіттегі айт намазынан кешігіп
қалса, айт намазын оқымаған екінші бір мешітке барып оқуына болады.
• Қосымша тәкбірлердің үкімі - уәжіп. Имам шатасып, қосымша
тәкбірлерді тастап кетсе, намаз соңында сәһу сәждесін жасайды. Бірақ адамдар көп болып, олардың арасында күмән мен шатасу көбейеді деп қауіптенсе ғана сәһу сәждесін жасамауға рұқсат етіледі.
• Имам қосымша тәкбірлерді айтып болғаннан кейін, айт намазына
кешігіп қосылған адам тәкбиратул ихрам алып болғанан кейін сәнә дұғасын оқымастан қосымша тәкбірлерді айтады. Имам рукуғке барып қойғаннан кейін ұйыған мұсылман тәкбиратул ихрамды алғаннан соң қосымша тәкбірлерді алмастан рукуғке барады.
• Бірінші рәкағаттан кешіккен адам, имам сәлем бергеннен кейін
орнынан тұрып, бірінші рәкағатты қосымша тәкбірлермен орындайды. Ал имам екінші рәкағаттың рукуғынан тұрып қойғаннан кейін намазға қосылған адам иамам сәлем бергеннен соң, сәлем берместен орнынан тұрып, екі рәкағатты қосымша тәкбірлерімен бірге орындайды.
• Имаммен бірге айт намазын оқуға кешіккен адам немесе адамдар
өз бетінше жамағат құрып, айт намазын оқи алмайды.
• Айт намазының алдында нәпіл намазын үйде де, мешітте де оқу –
мәкруһ.
• Айт намазынан кейін құтпа оқу - сүннет.
• Айт күндері ораза ұстауға болмайды.
                                                                                                                                                                                        «Фикһ әл- ғибадат» кітабынан
 

Түсінікті жіберу

Бұл жолдың мазмұны жеке болып саналады және қарау үшін арналмаған.

Спамнан қорғау
Бұл сұрақ спам-хаттамаларды қабылдамау үшін қажет
Напишите ответ в поле
Құрма жайлы не білеміз?
12-08-2010 SalNur
Құрма жайлы не білеміз?

     Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды.

12-08-2010 SalNur
Ораза ұстаушыға 13 кеңес

     Биылғы жылы қасиетті Рамазан айы елімізде күннің ысыған мезгіліне келді. Сөзсіз бұл істе де Аллаһтың һайыры бар. Әйткенмен, ораза ұстауға қатысты төмендегі кеңестерге де ден қойған артықтық етпес. Аталған мәліметтерді өзге тілдерден аударып, бөліскен Тимур бауырымызға Аллаһ разы болсын!

Рамазан айы құтты болсын!
24-08-2010 SalNur
Рамазан айы құтты болсын!

Бақтыбай
БЕЙСЕНБАЕВ,
Астана қаласының С.Ғылмани атындағы мешіттің бас имамы

     Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 185-аятта:

«Рамазан адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын» делінген.

 

 

ЧИЭКО г.Караганды

 

 

 

Графикалық дизайн, логотиптер, фирмалық стиль жасауға, баннер құруға тапсырыс қабылдаймыз