Жауап беру

пророк Мухаммад (с.а.с), сказал: «Облегчайте, а не создавайте затруднения, возвещайте благое, а не внушайте отвращение (к Исламу)».

01-12-2011 SalNur letter
Сауаттылық әліппесі

     А

     Азан – «азан» сөзінің араб тіліндегі лексикалық мағынасы «жариялау», хабар тарату.
Шариғаттағы терминдік мағынасы:белгілі сөздермен намаз уақытының кіргенін жариялау.

     Айт - «айт» сөзі араб тілінде «қайта оралу» деген мағына береді. Бұл мейрамның айт деп аталу себебі ол жыл сайын қайта айналып келіп отырады.

    Арафа күні – Құрбан айттың бір күн алдындағы күн «арафа күні» деп аталады. Себебі бұл күні қажылар Арафатта тұрады.

     Арафат - Минадан шамамен жиырма шақырым жерде орналасқан үлкен жазықтық. Ол жазықтықтың аумағында Рахма тауы бар. Кейбір риуаяттарда Адам ата мен Хауа ана жерге түскеннен кейін осы тауда кездескен. Көп адамдар осы тауды Арафат тауы деп те атап кеткен. Зұлхиджа айының тоғызыншы күні күн батқанға дейін Арафатта тұру - қажылықтың ең маңызды парызы.

 

     Ә

     Әдә – парыз амалды уақытында өтеу. Яғни мойнына жүктелген міндеттен құтылу. Қазақ тіліндегі «ада етті» деген тіркестегі бірінші мүше арабтың осы сөзінен алынған.

    Әурет – «әурет» сөзі араб тілінде «нақыс», «кемшілік» және «олқылық» деген мағыналарды береді. Шариғатта: жабуы міндетті және оған қарау харам етілген дене мүшелері. Әурет екіге бөлінеді: «аура муғаллаза» (ауыр әурет, яғни екі ұятты жер) және «аура хафифа» (жеңіл әурет, яғни кіндік пен тізенің арасы). Ауыр әуреттің дирһам (қазіргі жүз теңге көлеміндей) көлеміндей жерін көрсетуге, ал жеңіл әуреттің төрттен бірінен артық жерін ашуға тыйым салынады.

                                                                                           «Фикһ әл ғибадат» (жалғасы бар)
 

Жауап беру

Бұл жолдың мазмұны жеке болып саналады және қарау үшін арналмаған.

Спамнан қорғау
Бұл сұрақ спам-хаттамаларды қабылдамау үшін қажет
Напишите ответ в поле

 

 

ЧИЭКО г.Караганды

 

 

 

Графикалық дизайн, логотиптер, фирмалық стиль жасауға, баннер құруға тапсырыс қабылдаймыз