| 01-05-2012 SalNur |
|
Мұсылмандар, бір Алланы мадақтаған,
Адал болып ақиқаттан аттамаған.
Мәңгі өмір жаннаты үміт етіп,
Бұл жалғанды мәңгі деп санамаған.
Адамдар бар, тіршлік көзін ойлайтын,
Жақсылық емес жамандыққа бойлайтын.
Беттемей мүлде ахиретке ой санасы,
Адамдар бар табыс көзін ойлайтын.
Санасын улап, адамдарды аздырған,
Ібіліске дос болып, тура жолдан тайдырған.
Ұятсыз, арсыз тірліктермен әуес боп,
Қазаққа жат, журнал болды тараған.
Халқы үшін шынайы еңбек қылған,
Адамдар бар қол үзбеген ұлы Хақтан.
| 10-10-2011 SalNur |
|
***
Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?
Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім.
Айтылмай не мұңым, не сырым,
Телефон көзімнің жасына тұншықты.
Сендегі үнсіздік–ақталу,
Мендегі үнсіздік–кешірім.
Солай-ау шамасы…
Жазмыштың жазуы–
Маңдайға сызғанға көндігу, бағыну.
Тыныштық тағы өлді, ауыр дем арқалап,
Сіздегі күрсініс–жалғыздық,
Мендегі күрсініс–сағыну.
Аязға, мұзға да бергісіз,
Жүрекке сұп-суық ерді сыз.
Толқындар жеткізген үніңіз жауратты.
| 30-09-2011 SalNur |
|
Кітап ескірмейді. Әртүрлі амал, сан қилы шара арқылы насихаттауды керексінеді кейде. АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап – бір Чикаго» жобасынан бастау алған «Бір ел – бір кітап» акциясы елімізде 2007 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.
| 01-10-2010 SalNur |
|
Назира БЕPДАЛЫ 1980 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1998 жылы Алматы студенттерінің «Поэзия көктемі» мүшайрасында бас жүлдені иемденіп, есімі жырсүйер оқырманға танылды. Тұңғыш кітабы «Жаңбырлы түн» деген атпен 2001 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді.
| 01-08-2010 SalNur |
|
Айтыскер ақын Балғынбек Имашевты оқырманға таныстырып жатудың өзі артық. Дегенмен соңғы кездері айтыс өнерінің көгілдір экраннан көрсетілмей жатқанына байланысты Балғынбек ақыннан көз жазып қалғандаймыз. Айтыстағы суырыпсалмалығымен, сөзге шеберлігімен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, сүйікті ұлдарының біріне айналған Балғынбек ақынның қазіргі таңда қандай іспен айналысып жүргені әрбір оқырманды қызықтыратыны анық.












