| 11-01-2012 SalNur |
|
Қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік құрылымдармен бірге, төмендегі діни ұйымдардың әрекетіне тыйым салынған болып табылады:
| 04-01-2012 SalNur |
|
Қажылыққа баруды ес білгелі армандадым
| 08-12-2011 SalNur |
|
Кеңес дәуірінің дала қойнауында жүргенде бала көңілімізді не шалмады?.. Ол кезеңде ата-әженің баласы едік. Ұртымызда екше құрт, шаңқай түстің көлеңкесінде ауыл балалары қатарымыздан көлеңкені сағалай, алыстағы сағымдарға арманымызды байлайтынбыз. Әлі күнге дейін есімде, жаңбыр тамшысын аңсаған елі мен шөліркеген жері үшін бел аса иығына сулы да нулы, таулы мекенді көтерген Толағай біз үшін батыр, керемет бала болды.
| 26-10-2011 SalNur |
|
Қарашаның 6-8 жұлдызы аралығында мұсылман қауымы ұлық мереке - құрбан айт күндерін тойламақ.
Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.
Құрбан айт - мұсылманның ұлық мерекесі.
| 10-10-2011 SalNur |
|
***
Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?
Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім.
Айтылмай не мұңым, не сырым,
Телефон көзімнің жасына тұншықты.
Сендегі үнсіздік–ақталу,
Мендегі үнсіздік–кешірім.
Солай-ау шамасы…
Жазмыштың жазуы–
Маңдайға сызғанға көндігу, бағыну.
Тыныштық тағы өлді, ауыр дем арқалап,
Сіздегі күрсініс–жалғыздық,
Мендегі күрсініс–сағыну.
Аязға, мұзға да бергісіз,
Жүрекке сұп-суық ерді сыз.
Толқындар жеткізген үніңіз жауратты.
| 03-10-2011 SalNur |
|
Діни мәселелерді зерттеу және психологиялық реаблитациялау орталығы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қаржы қолдауымен ашылған. Негізгі мақсаты - діни ахуалға мониторинг жасап отыру, аналитикалық және зерттеу жұмысы, кеңес беру және ақпараттық көмек көрсету, түрлі діни бірлестіктердің қызметіне байланысты сұрақтарда билік органдарына, қоғамдық ұйымдарға, БАҚ-қа әсер ету, азаматтардың, бірінші кезекте жастардың теріс пиғылды бірлестікке кіріп кетпеудің алдын алу.










